Басты жаңалықтар

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбедегі су тасқыны жағдайын тексерді

Қазіргі уақытта Авиатор шағын ауданында, Береке тұрғын үй алабында және Домбыра бау-бақша ұжымында жағдай тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, аталған учаскелерге даладан еріген қар суының келуі байқалды. Жедел шаралар нәтижесінде үйлерді су басу қаупі барынша азайтылды.

Өңір басшысы жағдайды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі Сазды су қоймасына барды. Мамандар ағымдағы жағдай туралы баяндап, су қоймасы штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button